18.11.2025, 13:37
Жаңалықтар
Ақтауда пышақ ұстаған ер адам жанармай бекетін тонап кетті
Күдікті бір сағат ішінде ұсталды
Фото: Видеодан скрин
Ақтау қаласында жанармай бекетін тонаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
«Түнгі уақытта автожанармай бекетінде белгісіз ер адам кассирге пышақпен қауіп төндіріп, ақша талап етті. Ақшаны алып, оқиға орнынан қашып кетті», – делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдарының кәсіби және жедел әрекеттерінің нәтижесінде күдікті бір сағат ішінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындады.
Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Видео: t.me/POLICE_of_KZ
Көп оқылған
18.11.2026, 08:22
«Төрт сағат жолда жатып қалған»: Қарағанды облысында оқушы қызды қағып өлтіріп алған әйел оқиға орнынан қашып кеткен
18.11.2026, 12:05
Астананың аспанынан доллар лақтырған Жақыпов пен Отыншиевтің қайда отырғаны белгілі болды
18.11.2026, 10:15
Қазақстанда іздеуде жүрген және наркологиялық есептегі 720 мың адам inDrive пен Yandex-те такси қызметін ұсынған
18.11.2026, 14:47
Қонаевта 6-сынып оқушысы мектептің үшінші қабатынан екінші қабатына құлап, қаза тапты
Бүгін, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
18.11.2026, 21:42
Семейде TikTok-та балағат сөз айтқан әйел жындыханаға түсті
