$ 524.14  607.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында есірткі таратып жүрген күдіктілер күтпеген жерден полицияға ұсталып қалды (ВИДЕО)

Павлодарда есірткі саудасымен айналысқан интернет-дүкеннің «қоймашылар» тобы ұсталды

Павлодар облысында есірткі таратып жүрген күдіктілер күтпеген жерден полицияға ұсталып қалды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Павлодар облысында есірткі құралдары мен психотроптық заттарды байланыссыз тәсілмен таратумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тексеру барысында тыйым салынған заттардың сатылуы мессенджер арқылы интернеттің көлеңкелі сегментінде жүзеге асқаны, ал ақы криптовалюта арқылы төленгені анықталды.

«Оперативті-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде екі күдікті ұсталды. Оларды тінту кезінде таратуға дайындалған екі полиэтилен орамы және жалпы салмағы шамамен 90 грамм болатын психотроптық зат салынған екі пакет тәркіленді. Сонымен қатар электронды таразылар, қаптамалық материал, ұялы байланыс құралдары, банктік карталар және іске дәлел болатын өзге де заттар алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды», – деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Арсен Айғазин.

Қазіргі уақытта қылмыстық интернет-дүкенді құрған және оның қызметін жүргізген тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша іс-шаралар жалғасуда. Аталған интернет-ресурсты бұғаттау жөнінде шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға ақпарат жолданды.

Серіктес жаңалықтары