31.10.2019, 02:28
Жаңалықтар
Грета Тунберг экологиялық марапаттан бас тартты
Оның айтуынша, климат қозғалысы ешқандай марапатты қажет етпейді
Фото: bbc.com
Экология мәселелерін қозғап жүрген швециялық белсенді қыз Грета Тунберг Солтүстік кеңестің экологиялық марапатынан, сондай-ақ 52 мың доллар ақшалай сыйлықтан бас тартты, деп жазады ВВС.
Экобелсенді «климаттың өзгеруіне қарсы күресте сөзден іс-әрекетке көшетін уақыт келгендіктен» марапаттан бас тартқанын айтып, Солтүстік кеңеске алғыс білдірді.
Айта кету керек, Солтүстік кеңестің экологиялық марапаты жыл сайын «қоршаған ортаны құрметтеу қағидаттарын іске асыруға немесе табиғатты қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы кез-келген бастамаларға қосқан үлесі үшін» Скандинавия елдерінен келген компанияға, ұйымға немесе жеке адамға беріледі.
Көп оқылған
02.10.2026, 16:53
«Сотқа күйеуінен сұранбай келе ме?»: Данияр Кенжеұлы Роза коучты кезекті рет сынға алды
02.10.2026, 17:32
«Таспен қуып, өлтіремін деп қорқытты»: Алматыда ішіп алған ер адам бойжеткенге шабуыл жасады (ВИДЕО)