$ 521.01  603.43  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Оңтүстік Кореядан көлік жеткіземін»: Астанада алаяқ 70 адамды алдап, 420 млн теңгесін қалтаға басқан

Елорда тұрғыны бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін сотталды

«Оңтүстік Кореядан көлік жеткіземін»: Астанада алаяқ 70 адамды алдап, 420 млн теңгесін қалтаға басқан
Фото: istockphoto.com

Астаналық тұрғын Оңтүстік Кореядан тиімді бағамен көлік әкелемін деп 70-тен аса адамды алдап, жалпы сомасы 420 млн теңге жымқырғаны үшін 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның мәліметінше, алаяқ жәбірленушілерді шетелдегі қатынастары туралы жалған ақпаратқа сендіре отырып, автокөлік сатып алуға ниет білдірген азаматтарға алдын ала толық төлем жасаған жағдайда оларға Оңтүстік Кореядан тиімді бағамен автокөлікке тапсырыс беруді ұсынған.

Алайда жәбірленушілерге берілген көліктер бұрын автокөлікті жалға беру компанияларына сотталғанға уақытша пайдалануға берілгендігі анықталды. Мәселен, алаяқ жәбірленушіден 4 көлікті жеткізу үшін 14,5 млн теңге алған, ал көліктерді ресми түрде тіркеу алдағы уақытқа болжанған.

Бұл ретте сотталған қылмыстық әрекеттерін жасыру мақсатында көліктерді жалға алу ақысын енгізіп жүрген.

Сотталғанның алаяқтық әрекеттерінен 70-тен астам тұлға зардап шекті, жалпы шығын 420 млн теңгені құрады.

«Сотта прокурорлармен қылмыскердің өзіне жүктелген міндеттерді орындауға нақты мүмкіндігі болмағанын, қылмыстық ниетін орындау мақсатында автокөліктерді жалға беру шартын жасасып, ұрланған ақшалай қаражатты өзінің жеке мақсаттарына пайдаланғаны дәлелденді.

Сотталған өз кінәсін толық мойындады. Сот қылмыскерге 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.

Елорда прокуратурасы белгілі бір қызметтерді көрсету құқығын растайтын құжаттары жоқ тұлғалармен мәмілелер жасаудан бас тартуға кеңес береді», – делінген прокуратураның хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары