Алдағы күндері 23 градус аяз болады – ауа райы болжамы жарияланды
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Бұған себеп – кезекті атланттық циклон, ол республика аумағы арқылы жылжи отырып, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын тудырады, солтүстік өңірлерде төмен жылдамдықтағы боран мен көктайғақ күтіледі.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, еліміздің тек оңтүстік-батысында, сондай-ақ 19-20 қарашада шығысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі және тұман күтіледі.
«Температуралық жағдайда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Тек шығыс өңірлерде түнгі сағаттарда ауа температурасы 6-23 градус аязға дейін төмендеп, күндіз термометр бағандары 2-10 градус жылылықты көрсетеді», – делінген синоптиктер болжамында.