Теміртауда жасөпірім жардан құлап кетті
Құтқарушылар зардап шеккен баланы жартасты аумақтан қауіпсіз жерге шығарды
Қарағанды облысының Теміртау қаласында «Тас карьер» учаскесінде ТЖМ құтқарушылары мен жедел жәрдем бригадасы 2011 жылы туған жасөспірімге көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше ол белгісіз жағдайда жардан құлап кеткен.
«Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шеккен баланы жартасты аумақтан қауіпсіз жерге шығарды», - деп жазылған хабарламада.
Кейін жасөспірім әрі қарай ем қабылдауы үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталды.
Құтқарушылар таулы және қиын жететін жерлерге барған кезде барынша сақ болуға, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға және табиғаттағы жүріп-тұру қағидаларын ескеруге шақырды.