$ 522.19  606.42  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бас прокуратура iPhone ұстайтындарға ескерту жасады

Интернет алаяқтықтың жаңа түрі шықты

Бас прокуратура iPhone ұстайтындарға ескерту жасады
Фото: istockphoto.com

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы iPhone иелеріне қатысты интернет алаяқтықтың жаңа түрі шыққанын ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Шетелдік дереккөздердің мәліметінше, қаскөйлер Apple атынан жалған SMS-хабарлама немесе iMessage жіберіп, оған фишингтік сілтеме тіркейді. Онда тауып алынды делінген iPhone-ның моделін, түсін және жады көлемін көрсетіп, хабарламаны шынайы етіп көрсетеді.

Бекітілген сілтеме арқылы өткен пайдаланушы Apple Find My сервисіне визуалды ұқсас жалған парақшаға түседі, ол Apple ID логині мен паролін алаяқтарға жолдайды», – деп хабарлады Бас прокуратура.

Бұл қаскөйлерге iPhone-ның активация блоктауын айналып өтіп, құрылғы мен жеке ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ведомство бұл қауіп түрі белсенді тарала бастағанын ескере отырып, қазақстандықтарға қатаң түрде қауіпсіздік талаптарын сақтауды, атап айтқанда:  

  • күмән тудыратын сілтемелерге өтпеуді;
  • жоғалған құрылғының құлыптау экранында байланыс ақпаратын көрсету үшін бөлек электронды поштаның мекенжайын пайдалануды;
  • SIM-картаға қол жеткізуді қиындату үшін оны PIN-кодпен қорғауды;
  • құрылғыны тек icloud.com/find арқылы тексеруді ұсынды.

«Сақ болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар», - деп үндеу жасады Бас прокуратура.

Серіктес жаңалықтары