$ 522.19  606.42  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы мен 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, қатты жел соғады

Алматы мен 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Ел бойынша ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктер Алматы қаласы мен 16 өңірде дауылды ескерту жариялады. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Синоптиктердің болжамынша, 16 қарашада Қазақстанның көптеген аймақтарында тұман, ал солтүстікте және шығыста желдің күшеюі байқалады.

Алматы және оңтүстік өңірлердегі жағдай

Алматыда түнде және таңертең қалың тұман түседі.

Ал Алматы облысы аумағында, соның ішінде Қонаев қаласында да түнгі және таңғы уақытта тұман болады.

Түркістан облысының таулы аудандарында да көріну деңгейін нашарлататын қалың тұман болжанған.

Солтүстік пен орталықта жел күшейеді

Солтүстік Қазақстан облысында тұманмен қатар желдің жылдамдығы 15–20 м/с, күндіз 23–28 м/с-қа дейін жетеді.

Петропавлда жел екпіні 23 м/с болуы мүмкін.

Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Абай, Ақмола, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстарында да түнде және таңертең тұман түсіп, кей өңірлерде жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Батыс және Каспий маңы өңірлерінде де тұман түседі

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында түнгі және таңғы уақытта тұман басады.

Атырауда кей уақытта тұман қою түсуі мүмкін.

Қауіпсіздік бойынша ескерту

Синоптиктер ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге жолда жылдамдықты арттырмауға, көліктер арасындағы арақашықтықты сақтауға, бұрылыстарда аса сақ болуға кеңес береді.

Ал жаяу жүргіншілерге тұман кезінде жолды тек арнайы өткелдерден кесіп өту ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары