$ 522.19  606.42  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам ауруханаға түсті (ВИДЕО)

Оқиға 14 қараша күні шамамен 12:40-та Құлсары қаласынан шыға берісте болды

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, төрт адам ауруханаға түсті (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Атырау облысында Доссор-Құлсары автожолының 77-шақырымында екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып қалды. Оқиға орнындағы видеолар әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оиға қалай болды?

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 қараша күні шамамен 12:40-та Құлсары қаласынан шыға берісте тіркелген.

Hyundai Elantra көлігінің 2000 жылы туған жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.

«Жол апатының салдарынан 1984 жылы туған Toyota Camry жүргізушісі, Бейнеу ауданынан Атырауға бет алған, сондай-ақ көліктегі үш жолаушы әртүрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», — делінген полиция хабарламасында.

Полиция жүргізушіге бір сағат бұрын ескерту жасаған

ПД өкілдері атап өткендей, жол апатына дейін бір сағат бұрын патрульдік полиция жас жүргізушінің Hyundai көлігіне назар аударып, оған жолда сақтық пен жылдамдық режимін сақтау қажеттігін ескерткен.

Серіктес жаңалықтары