$ 522.19  606.42  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Демалыс базасы, жылжымайтын мүлік: «Бипэк Авто» компаниясына тиесілі 11,6 млрд теңгенің мүлкі қайтарылды

2021 жылдың тамызында компанияның негізін қалаушы Анатолий Балушкиннің үстінен қылмыстық іс қозғалған

Демалыс базасы, жылжымайтын мүлік: «Бипэк Авто» компаниясына тиесілі 11,6 млрд теңгенің мүлкі қайтарылды
Фото: kolesa.kz

«Бипэк Авто – Азия Авто» компаниялар тобына тиесілі 11,6 млрд теңгеден астам мүлік мемлекет кірісіне өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Не тәркіленді

Бұл туралы ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Тимур Мұқанов мәлім етті. Оның айтуынша, бұл – 2025 жылы өңір аумағында активтерді қайтару бойынша ең ірі көрсеткіш.

«Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде Қазақстан аумағында жалпы құны 11,6 млрд теңгеден асатын мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді. Оның ішінде автокөліктер, жылжымайтын мүлік нысандары, әуе кемелері және демалыс базасы бар», – деді Тимур Мұқанов.

Экономиканың негізгі бағыттарына басымдық

Шенеуніктердің айтуынша, «Бипэк Авто – Азия Авто» компаниялар тобына қатысты тергеу көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл және мемлекеттік мүддені қорғау тұрғысынан ең маңызды істердің бірі болған.

Жалпы алғанда, департамент өз жұмысын өңір экономикасының тұрақтылығына тікелей әсер ететін бағыттарға шоғырландырған: активтерді қайтару, заңсыз жер қойнауын пайдалану, энергетика және кәсіпкерліктегі көлеңкелі схемалар.

Айта кетейік, 2021 жылдың тамызында «Азия Авто» АҚ негізін қалаушы Анатолий Балушкинге қатысты ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған.

Ол сол кезде «Бипэк Авто – Азия Авто» компаниялар тобының бақылаушы акционері әрі директорлар кеңесінің төрағасы, сондай-ақ «Азия Авто» АҚ мен «Бипэк Авто Казахстан» АҚ-тың бақылаушы акционері болған.

Сот Балушкинге бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстауды (сырттай) санкциялап, іздеуге жарияланды.

2022 жылдың 11 шілдесінде сотқа Анатолий Балушкин ісі бойынша 77 жылжымайтын мүлік (оның ішінде «Рахмановские Ключи», «Нұртау» және «Порт Фортуна» демалыс базалары) және 1 мыңнан астам жылжымалы мүлікті сотқа дейінгі тәркілеуге жіберу туралы өтініш түскен.

Серіктес жаңалықтары