$ 522.19  606.42  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жарып жіберу керек орын»: Алматы тұрғыны әзілдеймін деп темір тордан бір-ақ шықты

Полиция ескерту жасады

«Жарып жіберу керек орын»: Алматы тұрғыны әзілдеймін деп темір тордан бір-ақ шықты
Фото: Алматы қаласы ПД

Алматы полициясы әлеуметтік желідегі жарияланым астында жарылыс жасау керек орын туралы қорқыту мазмұнында пікір қалдырған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Діни бірлестіктердің қызметіне қатысты жарияланымның астына белгісіз қолданушы жазба қалдырып, бұл дерек бойынша «102» пультіне хабарлама түскен. Оған қалалық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел әрекет етті.

«Жарып жіберу керек орын», – деп жазған 2GIS-ке.

Жүргізілген шаралар барысында пікір авторының жеке басы анықталды. Ол – 2004 жылы туған Алматы тұрғыны. Ер адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.

«Интернетте жазылған болса да, кез келген қорқыту полиция тарапынан қоғамдық қауіпсіздікке төнетін нақты қауіп ретінде қаралады. Мұндай «әзілдердің» ауыр салдары болуы мүмкін. Әрбір хабарлама мұқият тексеріліп, кінәлілер заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады», – деді Алматы қаласы ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Полиция әлеуметтік желілерді пайдалануда жауапкершілік танытуға, қорқыту немесе заңға қайшы мазмұндағы хабарламаларды жарияламауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #полиция