$ 522.19  606.42  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысының тұрғыны синтетикалық есірткімен ұсталды

Күдіктіден каннабис майы да тәркіледі

Павлодар облысында полиция жергілікті тұрғыннан синтетикалық есірткі мен каннабис майын тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жедел уәкілдер тұрғынның есірткі айналымына қатысы бар екенін анықтап, оны қала көшелерінің бірінде ұстап, жеке тінту жүргізді. Куәгерлер қатысуымен жүргізілген тексеріс барысында ер адамнан 12 полимерлі қаптама ішіндегі ақ түсті зат тәркіленді. Сараптама бойынша оның жалпы салмағы 7 грамм синтетикалық есірткі екені белгілі болды.

Тұрғылықты жері бойынша қосымша тінту кезінде 3 грамнан астам каннабис майы бар әйнек колбалар табылып, тәркіленді.

«Есірткі заттарын заңсыз өндіру, өңдеу және сату мақсатында дайындау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

Серіктес жаңалықтары