$ 524.32  609.05  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Голливудтың «Warner Bros» атауын жамылған: Алматыда қаржы пирамидасы әшкереленді

3,8 млн USDT көлемінде криптоактив табылды

Голливудтың «Warner Bros» атауын жамылған: Алматыда қаржы пирамидасы әшкереленді
Фото: istockphoto.com

Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті «Warner Bros» атауымен жұмыс істеген қаржы пирамидасына қатысты тергеуді аяқтап, ұйымдастырушыны 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары азаматтарды жоғары табыс уәдесімен инвестиция салуға үгіттеген.

Жобаға заңды көрініс беруі үшін осы іске еш қатысы жоқ танымал голливудтық компанияның атауын пайдаланған. Қатысушыларға фильм трейлерлерін қарау және жаңа салымшыларды тарту арқылы табыс табу ұсынылған.

Жоба 9 деңгейден тұрған, орташа салым мөлшері 225 мың теңге, төлемдер тек USDT криптовалютасында қабылданған.

Схеманы танымал үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлер белсенді қолданылған. Администраторлар арнайы чаттар құрып, оқыту жүргізіп, нұсқаулықтар мен бейнероликтер таратқан, жылдам табыс пен криптовалюта түрінде сыйақы уәде еткен.

«Тергеу барысында салымшылардан жиналған және аударылған қаражатты сақтау үшін пайдаланылған криптоәмияндар анықталды.

Сот санкциясымен жалпы сомасы 3,8 млн USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды. Сот үкімімен ұйымдастырушыға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, сот 40 жәбірленушінің азаматтық талаптарын қанағаттандырып, олардың залалы тыйым салынған криптоактивтер есебінен өтелетін болды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ», – делінген ҚМА хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары