$ 524.32  609.05  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында адам қағып өлтірген 80 жастағы қария түрмеге қамалмайтын болды

Ол марқұмның туыстарына өтемақы төледі

Ақмола облысында адам қағып өлтірген 80 жастағы қария түрмеге қамалмайтын болды
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысының Астрахан ауданында 2025 жылдың жазында қайғылы оқиға болды. 80 жастағы жергілікті тұрғын көлік жүргізіп келе жатып, жолдың шетімен жүріп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Алған ауыр жарақаттарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүргізуші жерден қашып кеткен

ЖКО-дан кейін ер адам оқиға орнын тастап, құқық қорғау органдарына хабар бермеген.

Адам өліміне әкелген жол апатына және оқиға орнын тастап кетуге қатысты қылмыстық іс қозғалды:

  • ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі – адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу;
  • ҚР ҚК 347-бабы – жол-көлік оқиғасы болған жерді тастап кету.

Іс кінәні мойындау туралы процессуалдық келісіммен сотқа жолданды.

Жүргізуші кінәсін мойындап, кешірім сұрады

Сот талқылауы барысында Астрахан аудандық сотының төрағасы айыпталушының кінәсін толық мойындағанын, жасаған ісіне өкініп, марқұмның туғандарынан кешірім сұрағанын атап өтті.

Жәбірленушілер айыпталушымен медиациялық келісім жасап, келтірілген шығын өтелгенін, айыпталушыға материалдық және моральдық талаптары жоқ екенін мәлімдеді.

Процессуалдық келісімді прокурор да, қорғаушы да қолдады.

Сот шартты жаза тағайындады

Сот айыпталушының жасы, кінәні мойындауы және шын жүректен өкінуін ескере отырып, мынадай жаза тағайындады:

  • 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру – шартты түрде,
  • көлік құралын басқару құқығынан айыру.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары