13.11.2025, 23:33
Жаңалықтар
Тоқаев Путинге ризашылық білдірді
Ол Ресейге жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша хат жолдады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге хат жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев хатта Ресейге жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша Владимир Путинге ризашылығын білдірді.
«Жылы жүздесу, өзара сенім, түсіністік пен ашықтық сипатында өткен келіссөздер сапардың сәтті болуына септігін тигізді. Қазақстан халқы мұны зор ықыласпен қабылдады.
Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасын жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне жеткізу жөніндегі декларация айрықша мәнге ие.
Бұл құжат елдеріміздің сан қырлы ынтымақтастығын айтарлықтай нығайтады», – деп жазды мемлекет басшысы.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы