$ 525.28  607.85  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жүрегім ауырады»: Қабатовтың қызы жариялаған жазба әлі күнге дейін талқыланып жатыр

Әзілкештің қызы әкесі туралы әсерлі жазба қалдырған

«Жүрегім ауырады»: Қабатовтың қызы жариялаған жазба әлі күнге дейін талқыланып жатыр
Фото: @juldyzdar_alemy

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айару Тұрсынбекқызының әкесі жайлы жазған жазба желіде әлі күнге дейін қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әзілкештің қызы желідегі парақшасында бірнеше күн бұрын мынандай жазба қалдырған:

«Дәл қазір бәрі оның қандай жаман адам екенін айтып жатыр. Алайда ол әке ретінде мен үшін ылғи да ең жақсы адам болып қала береді. Мен оны бұл өмірде бәрінен қатты жақсы көремін және қатты құрметтеймін. Күйеу ретінде бәлкім өзін жақсы көрсете алмаған шығар. Бірақ әке ретінде ол нағыз «әке» атағына лайық. Себебі, жылдар бойы махаббатын үнемі көрсетіп келеді. Қазір қарым-қатынасымыз жақсы, бәрін ашық сөйлестік. Жұрттың оны жамандап жазғанын оқу маған өте ауыр тиіп жатыр. Қанша дегенмен, жаныңа жақын адамды ренжіткенде, шынымен де жүрегің ауырады және бар күшіңмен қорғағың келеді. Бірақ менің қорғап жүргенімді ешкім байқай бермейді», - деп жазған Айару Тұрсынбекқызы.

Осыдан кейін желі қолданушылары әзілкештің қызына қолдау сөздерін білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

«Уайымдама балапан. Папаң да, мамаң да жақсы адамдар», «Қызы ақылды екен», «Балалар да кінә жоқ қой», «Елге жария етпей ажырасу керек еді», «Балаларына бұл жағдай қатты тиеді ғой», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін Тұрсынбек Қабатовтың экс-жұбайы Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында ажырасу процесі және сол кездегі психологиялық күйі туралы ашық айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары