$ 525.28  607.85  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бәрі есімде»: Медеу Арынбаевтың марқұм әйеліне арнаған әні жұртты жылатты (ВИДЕО)

Ол концертінде марқұм жұбайына арнап ән арнады

«Бәрі есімде»: Медеу Арынбаевтың марқұм әйеліне арнаған әні жұртты жылатты (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Белгілі әнші Медеу Арынбаевтың 15 жыл бұрын қайтыс болған марқұм әйеліне арнаған әні жұртты жылатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осыдан бірнеше жыл бұрын «Бәрі есімде» атауымен берген концертінде Медеу Арынбаев марқұм жұбайы Айгүл Арынбаеваға ән арнап, бірге өткізген шақтарынан жұртқа фото-видеоларын көрсеткен. Осы сәт желі қолданушылары тарапынан әлі күнге дейін талқыланып жатыр.

«Еркектің бәрі осындай болса ғой. Мүмкін ажырасу азаяр ма еді», «Жолдасым қайтқанда осы кісінің әндерін тыңдап жүретін едім. Тағдырлас екенбіз», «Әкенің бәрі сізден үлгі алсын», «Әке міне осындай болуы керек! Ұрпағының қызықтарын көріп, аман-есен жүре берсін! Қандай керемет!», «Нағыз әке, мықты азамат, барлық құрметке лайықты», «Иә, жалғыз қалу қиынның қиыны. Бұл әр адамның қолынан келе бермейді», «Мұндай нағыз, адал азаматтар мыңнан біреу шығар», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін Медеу Арынбаевтың марқұм әйелін еске алып, көзіне жас алғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары