Алматыда жаңа пәтерлердің бағасы қымбаттап барады – зерттеу
Жаңа пәтерлердің бағасы бір айда 2,9%-ға өсті
Алматыда жаңа үйлердің бағасы 2025 жылдың қазан айында 2,9%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Data Hub мәліметіне сүйенсек, бұл соңғы бірнеше айдағы нөлдік немесе өте төмен өсімнен кейінгі айтарлықтай серпіліс болып отыр.
2015 жылдың қаңтарынан бері мұндай жылдам баға өсуі тек жеті рет тіркелген.
Нарықта, яғни қолданыстағы пәтерлерде де өсім байқалады, қазан айында баға қыркүйекке қарағанда 2,1%-ға қымбаттады. Бұл сегментте жыл басынан бері ай сайын орта есеппен 2% өсу байқалып отыр. Пәтерлерді жалға беру бағасы қазан айында 1,7%-ға көтерілді, бұл – соңғы екі жылдағы көрсеткіштен сәл жоғарылау.
Астанадағы жағдай:
Елорда нарығында баға тұрақты: жаңа да, ескі де үйлерде баға өзгерісі байқалмайды. Дегенмен, соңғы айларда жаңа үйлердің бағасы өскенін еске салу қажет. Астанада пәтерлерді жалға беру бағасы қазан айында 0,5%-ға артқан.