$ 526.02  607.55  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтаудағы мектептерге террорлық шабуыл дайындалып жатқаны туралы хабар тарады (ВИДЕО)

Облыстық Полиция департаменті түсініктеме берді

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы мектептерге террорлық шабуыл дайындалып жатқаны туралы хабар тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаға қатысты Маңғыстау облыстық Полиция департаменті ресми түрде түсініктеме берді.

«Құрметті, тұрғындар! Мессенджерлерде мектептерде террористік актілер жоспарланып жатыр деген жалған ақпарат тарап жатыр. Азаматтардан осындай тексерілмеген хабарламаларға сенбеуді және оларды таратпауын сұраймыз.

Қазіргі уақытта полиция тексеру жүргізіп жатыр, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жағдай толығымен бақылауда.

Террорлық актілер туралы жалған хабар таратқаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Қоғам тыныштығын бұзбаңыз, тек ресми ақпаратқа сеніңіз», - делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

Сонымен қатар, желіде Маңғыстау облыстық полиция департаменті террорлық шабуыл жасамақ болғандардың бірін қолға түсіргені туралы ақпарат тарағанын, алайда оның да шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Мессенджерлерде Ақтау қаласындағы №1 мектепте кепілге алынғандардың бірі ұсталды деген ақпарат тарап жатыр. Аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және жалған (фейк) екенін хабарлаймыз.

2025 жылғы 8 қараша күні «102» кезекші бөліміне 4-шағынаудандағы №9 үйдің маңында мас күйдегі ер адамның жүргені туралы тұрғындардан хабарлама түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді. Аталған азамат анықталып, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы бойынша (алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру) әкімшілік хаттама толтырылды», - дейді Маңғыстау облысының Полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары