Биыл желтоқсан айында қазақстандықтар қанша күн демалады
Қараша айында қазақстандықтар 9 күн демалады
Биыл желтоқсан айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасы кезінде 9 күн демалады. Биыл Тәуелсіздік күні мерекесіне орай тек бір күн ғана демалыс беріледі.
Қазақстан Республикасындағы мереке және демалыс күндерінің 2025 жылғы күнтізбесіне сәйкес, қараша айында отандастарымыз 9 күн демалады.
Алдағы желтоқсан айында да бес күндік жұмыс аптасы бойынша 9 демалыс күні болады. Айта кетейік, қосымша демалыс аптаның ортасында – 16 желтоқсанға, Тәуелсіздік күніне орай сейсенбіге түседі.
Егер мемлекеттік мереке сенбі немесе жексенбіге сай келсе, демалыс бір күнге ұзартылады. Биыл мереке сейсенбіге түскендіктен, қазақстандықтар қосымша демалыс алмайды.