09.11.2025, 20:01
Жаңалықтар
Боран соғып тұр: Қазақстанның бірқатар өңірінде тасжол жабылды
Боран салдарынан көріну қашықтығы нашарлады
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда ауа райының нашарлауына, яғни боран мен көріну қашықтығының нашарлауына байланысты 9 қараша күні сағат 20:00-ден бастап бірқатар автожол учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Шектеу енгізілген бағыттар:
Абай облысы:
- ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы автожолы, 587-733 км (Павлодар облысының шекарасы – Семей қаласы).
Ақмола облысы:
- Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы автожолы, 16-200 км (Астана қаласы – Павлодар облысы шекарасы).
Қарағанды облысы:
- Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті автожолы, 1067-1135 км (Жастар ауылы – Павлодар облысы шекарасы).
- Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара автожолы, 231-324 км (Павлодар облысы шекарасы – Ботақара ауылы).
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды