09.11.2025, 15:22
Жаңалықтар
Қазақстанда 10 қарашада боран соғып, көктайғақ болады
Елдің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады
Фото: © istockphoto.com
10 қараша күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» мәліметінше, елдің шығысында кей жерлерде қатты қар жауады, ал орталық және солтүстік аймақтарда боран соғып, көктайғақ байқалады.
Тұман түсіп, жел күшейеді
Синоптиктердің болжамынша, республиканың солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ орталық өңірлерде тұман түсіп, жел екпіні күшейеді.
Кей аймақтарда желдің жылдамдығы 20 метр/секундқа дейін жетуі мүмкін.
Мамандар қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді
Мамандар жолға шығатын жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге ауа райының күрт нашарлауына байланысты сақ болуды ескертеді.
Көктайғақ пен боран кезінде жолда жүру уақыты мен бағытты алдын ала жоспарлау, ал алыс сапардан уақытша бас тарту ұсынылады.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды