29.06.2020, 09:18
Жаңалықтар
Қазақстандықтар шілдеде 10 күн демалады
Шілде айында Қазақстанда екі бірдей мереке аталып өтіледі
baigenews.kz
Биыл шілде айында қазақстандықтарды 21 жұмыс күні мен 10 демалыс күтіп тұр. Бұл айда ел тұрғындары екі бірдей мейрамды атап өтеді.
Сенбі және жексенбі демалыстарын айтпағанда қазақстандықтар 6 шілдеде – Астана күнінде демалады. Бұл мейрамның «мемлекеттік мереке» деген статусы бар. Астана күні дүйсенбіге сәйкес келгендіктен, тұрғындар үш күн қатарынан демалады.
Сонымен қатар, шілде айының соңғы күні де демалыс болып бекітілген. Өйткені, биыл 31 шілде Құрбан айт мерекесіне сәйкес келіп тұр. Айтулы күн жұмаға сәйкес келгендіктен, қазақстандықтар бұл апта да үш күн қатарынан демалады.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды