$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.06.2020, 11:29
Жаңалықтар

Биылғы 5 айда Қазақстанда кемемен 153 мың тонна жүк тасымалданды

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,8%-ға көп көрсеткіш

Биылғы 5 айда Қазақстанда кемемен 153 мың тонна жүк тасымалданды
Фото: ашық дереккөзден

Биылғы 5 айда Қазақстан өзендерінде кеме арқылы 153 мың тонна жүк тасымалданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.      

Қазақстанда кеме қатынасы Ертіс, Орал – Каспий және Іле – Балқаш бассейндерінде жалпы ұзындығы шамамен, 3 262 шақырым бойынша жүзеге асырылады.

Кемелер жұмысының қауіпсіздігі мен тиімділігі кеме қатынасына жасалған жағдайға тікелей байланысты екені белгілі.

Кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жол жұмыстарын «Қазақстан су жолдары» РМҚК жүргізеді. Биылғы қаңтар-сәуір айларында кәсіпорын кемелер мен кеме қатынасы жағдайы белгілерін навигациялық кезеңге дайындау жұмыстарын атқарды. 

Жоғарғы Ертіс каскады деңгейлері арасында кемелердің еркін өтуі кеме жүзетін үш шлюз: Өскемен, Бұқтырма және Шүлбі арқылы қамтамасыз етіледі.

«Шлюздердің апатсыз жұмысын қамтамасыз ету үшін 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында оларға күрделі жөндеу жүргізу көзделген. Биыл осы мақсатқа бөлінген 1,9 млрд теңгенің 52%-ы игерілді», - делінген хабарламада.

Биылғы бес айда кемемен жүк тасымалдау көлемі шамамен, 153 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,8%-ға көп.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Ертіс #Каспий