$ 526.02  607.55  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылуы: ҚР СІМ мәлімдеме жасады

Ведомство мәліметінше, бұл маңызды шешім тек Қазақстан мүддесі үшін қабылданды

Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылуы: ҚР СІМ мәлімдеме жасады
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылуына байланысты Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі еліміздің Авраам келісімдеріне қосылғанын мәлімдейді.

Ведомство мәліметінше, бұл маңызды шешім тек Қазақстан мүддесі үшін қабылданды және республиканың теңгерімді, сындарлы, бейбіт сыртқы саясатының сипатына толық сәйкес келеді.

«Авраам келісімдеріне қосылу еліміздің барлық мүдделі мемлекеттермен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді, яғни Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына толық сәйкес.

Қазақстан әрдайым Таяу Шығыстағы қақтығыстың халықаралық құқық нормаларына, БҰҰ тиісті қарарларына және «екі халық үшін екі мемлекет» қағидаты негізінде әділ, жан-жақты әрі орнықты реттелуін қолдайды», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары