$ 526.02  607.55  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Рудныйда 270 млн теңгеге жуық салық төлемеген ірі компания анықталды

Салық декларациясын тапсырмаған азаматтар анықталды

Рудныйда 270 млн теңгеге жуық салық төлемеген ірі компания анықталды
Фото: Azattyq Rýhy

Рудныйда 270 млн теңгеге жуық салық төлемеген ірі компания анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 330, 331-баптарына сәйкес жеке тұлғаның салық салуға жататын мүліктік табысына жеке тұлғаның   Қазақстан Республикасында мүлікті өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс жатады.

Сонымен қатар, құн өсімінен кіріс алған жекелеген салық төлеушілер жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00 ФНО) ұсынбағаны, сондай-ақ мүліктік кірістерді декларацияларда толық көлемде көрсетпегені, бұл салықтардың бюджетке түспеуіне әкеп соқтырғаны анықталды.

«Ірі ЖШС қызметінде декларацияларда анық емес мәліметтердің көрсетілуі және 2024 жылғы қарашада 267,9 млн теңге мөлшерінде акциз сомасын төлеуден жалтару белгіленген. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кәсіпорын көрсетілген соманы толығымен төледі.

Қостанай облысының прокуратурасысалық нормаларын сақтау экономиканың тұрақтылығы мен әлеуметтік әділеттілікке ықпал ететінін еске салады», – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары