$ 526.79  606.34  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында аурухананың аумағынан науқастың денесі табылды

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды

Ақмола облысында аурухананың аумағынан науқастың денесі табылды
Фото: istockphoto.com

Аршалы аудандық ауруханасының аумағынан науқастың денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның мәліметінше, бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Пациент өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін

«Аудандық аурухананың аумағынан науқастың денесі табылды. Алдын ала деректер бойынша, психикалық ауытқудан зардап шеккен ер адам суицид жасаған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде.

Тергеу барысы полиция басшылығының бақылауында

Қазіргі уақытта трагедияның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция департаментінің мәліметінше, істің тергелу барысы облыстық департамент басшылығының жеке бақылауында.

Тексеру нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Серіктес жаңалықтары