$ 526.79  606.34  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте әйел адам өзге өңірлерден есірткі тасып жүрген жерінен ұсталды

Полиция есірткі арнасын жойды

Шымкентте әйел адам өзге өңірлерден есірткі тасып жүрген жерінен ұсталды
Фото: Шымкент ПД/Видеодан скрин

Шымкентке еліміздің өзге өңірлерінен есірткі жеткізілгені анықталды. Полиция қызметкерлері есірткі арнасын жойды. Күдікті азаматша – Алматы облысының тұрғыны анықталып, ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облысы және Алматы қаласында жүргізілген тексеру жұмысы кезінде жалға алынған үйден және жасырылған орындардан жалпы салмағы 200 грамға жуық синтетикалық есірткі тәркіленді.

Белгілі болғандай, әйел бұрын соңды Шымкентке бірнеше рет есірткі өткізу мақсатында жалға алынған автокөлікпен келіп жүрген.

Одан бөлек, 22 қазан күні құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз егіп-өсірген жергілікті тұрғын ұсталды.

Ол өз үйінің ауласында жалпы салмағы 2,5 келіден асатын 4 түп «сораны» баптап өсіргені анықталып, тәркіленді.

«Қазіргі таңда аталған деректер бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Полиция есірткімен байланысты кез келген заңсыз әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді», – делінген ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары