$ 524.94  602.79  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жылы күндер келе жатыр: Қазақстанда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктер болжамы белгілі болды

Жылы күндер келе жатыр: Қазақстанда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағындағы ауа райында нағыз өзгеріс кезеңі басталды – жылы күндер өз орнын қысқы суық басты. Барикалық құрылымдардың тез алмасуы ауа температурасының айтарлықтай ауытқуына себеп болып отыр, дейді мамандар.

«Алдағы күндері аяз әкелген суық антициклон ел аумағынан ығысып, оның орнына жылдам қозғалып келе жатқан циклон келмек. Бұл циклон жауын-шашынды сақтағанымен, өзімен бірге жылымық алып келеді, солтүстік және шығыс өңірлерде ауа температурасы түнде 3 градус аяздан күндіз 2 градус жылуға дейін көтеріледі.

Ал оңтүстік өңір тұрғындарын жылы ауа массалары қуантады: олар жауын-шашынның тоқтауына ықпал етеді, әрі 8 қарашада күндізгі уақытта ауа температурасы +10…+15°С дейін көтеріледі деп күтіледі», – делінген синоптиктер болжамында.

Серіктес жаңалықтары