$ 522.49  601.07  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды: полиция тергеу ісін тоқтатты

Осыған дейін полиция сәбидің анасын іздестіріп жатқаны хабарланған

Оралда қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды: полиция тергеу ісін тоқтатты
Фото: freepik.com

БҚО-да 14 тамыз күні Зачаганск кентіндегі Бірлік көшесінде орналасқан қоқыс контейнерінен нәрестенің денесі табылған. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған болатын. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қыркүйек айында полицейлер сәбидің анасын табу мүмкін болмағанын, іздеу жұмысы жалғасып жатқанын мәлімдеген.

Облыстық полиция департаменті сараптама қорытындысына сәйкес, нәресте өлі туғанын хабарлады.

Бүгінгі күні баланың анасын табу мүмкін болмаған.

«Аталған қылмыстық іс бойынша Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы шешім қабылданды. Қабылданған шешім қадағалаушы органмен келісілген», — делінген полицияның ресми жауабында.

Серіктес жаңалықтары