Павлодар облысында екі көлік бетпе-бет соғысып, бір адам көз жұмды
Қайғылы оқиға Айнакөл ауылының маңында болды
Павлодар облысындағы тасжолда екі көлік бетпе-бет соғысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша жүргізуші қаза тапқан фактіге қатысты қылмыстық іс қозғады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 4 қараша күні «Атамекен-Курчатов» автожолындағы Айнакөл ауылының маңында «Шкода Рапид» маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, «Ауди-А6» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
«Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.
Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауды, әсіресе қозғалысы тығыз учаскелерде абай болуды, көліктің техникалық жай-күйін бақылауды және ауа райы жағдайының өзгеруін ескеруді еске салады», – делінген хабарламада.