Павлодарда кәсіпорын 3,3 мыңнан астам жұмысшысына жалақы төлемей келген
Тек прокурорлар араласқаннан кейін ғана кәсіпорын басшылығы қозғалған
Павлодар қаласында прокуратура араласқаннан кейін 737 млн теңге көлеміндегі еңбекақы қарызы өтелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұқаралық ақпарат құралдарына жүргізілген мониторинг барысында Павлодар қаласындағы қала құраушы кәсіпорындардың бірінде 2025 жылғы қыркүйек айы үшін еңбекақы төлемеу фактілері анықталды. Жүргізілген талдау нәтижесінде бұл деректер өз дәлелін тапты.
Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде 737 миллион теңге көлеміндегі еңбекақы қарызы қысқа мерзім ішінде толық өтелді. Нәтижесінде 3 380 жұмыскердің конституциялық құқықтары қорғалды.
Павлодар қаласы прокуратурасы жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтау, еңбекақыны уақытылы әрі толық төлеу қажеттігін еске салады.