04.11.2025, 09:09
Жаңалықтар
Үйінен 51 түйіншек табылды: Қарағанды облысында есірткімен айналысқан интернет-дүкен иесі ұсталды
Оның Теміртау қаласының 20 жастағы тұрғыны екені анықталды
Фото: istockphoto.com
Қарағанды облысында есірткі саудасымен айналысқан интернет-дүкен иесі қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қарағанды облысының полицейлері есірткінің заңсыз айналымына қарсы «Қарасора» жедел іс-шарасы барысында 20 жастағы Теміртау тұрғынын қолға түсірді.
Күдіктіден екі телефон, ақша және есірткіге ұқсас заттар тәркіленді. Үйін тінту кезінде жалпы салмағы 100 грамм болатын 51 түйіншек табылды.
Тергеу барысында оның есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкен иесі екені анықталды. Ол төрт ай бойы заңсыз табыс тауып, төлемдерді криптовалюта арқылы қабылдап отырған.
Қазір күдікті қамауға алынды, тергеу жалғасып жатыр.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды