$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.06.2020, 21:03
Жаңалықтар

Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

28 маусымда бірнеше өңірде қатты жел соғады

Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның бес өңірінде 28 маусымда күшті жел мен найзағайға байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қызылорда облысында батыс, оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Таңертең және күндіз кей жерлерде күн күркірейді.

Қостанай облысында күндіз кей жерлерде жауын жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қостанайда таңертең және күндіз күн күркіреп, оңтүстік-батыстан желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.

Петропавлда күндіз найзағай мен дауыл соғады. Солтүстік-батыс желі оңтүстік-батысқа ұласып, жылдамдығы 15-20 метрге дейін, күндіз екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді.

Көкшетауда күндіз батыстан және оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысында кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жауады. Синоптиктер оңтүстік-батыстан және батыстан соғатын жел секундына 17-22 метрге дейін күшейеді деп болжады.

Серіктес жаңалықтары