Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 166 адамға жетті
Нұр-Сұлтан қаласында тағы 8 науқас көз жұмды
Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустан тағы 8 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтанда 1947, 1955, 1960 және 1955 жылдары туған ер азаматтар және 1947, 1960, 1950 және 1960 жылдары дүниеге келген әйел адамдар қайтыс болды.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Қазақстан бойынша барлығы 166 адам қайтыс болды.
Нұр-Сұлтан қаласы – 61
Алматы қаласы – 26
Шымкент қаласы – 13
Ақмола облысы – 13
Ақтөбе облысы – 1
Атырау облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 2
Жамбыл облысы – 1
Батыс Қазақстан облысы – 6
Қарағанды облысы – 10
Қостанай облысы – 3
Қызылорда облысы – 2
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 13
Солтүстік Қазақстан облысы – 2
Түркістан облысы – 8
Естеріңізге сала кетсек, бүгін коронавирустан Нұр-Сұлтан қаласында тағы 8 адам көз жұмған еді. Осылайша қалада бір тәулікте 16 өлім тіркелді.