$ 538.13  624.88  6.64
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Каспий теңізі таяздап барады: мамандар алаңдаушылық білдірді

Каспий теңізі таяздап барады: мамандар алаңдаушылық білдірді
Фото: © istockphoto.com

Қазақстандық Каспий жағалауы соңғы жылдары су деңгейінің күрт төмендеуінен ең көп зардап шегіп отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Су деңгейі жыл сайын түсіп келеді

Ғалымдардың айтуынша, Каспий теңізінің тартылуына екі негізгі фактор себеп:

  • климаттың жаһандық өзгеруі
  • антропогендік ықпал — өзендер ағысының азаюы, өндірістік жүктеменің артуы.

Климаттық модельдер бойынша (RCP4.5 және RCP8.5), қазіргі үрдіс жалғаса берсе, 2050 жылға қарай теңіз деңгейі тағы 2 метрге дейін төмендеуі мүмкін.

«2050 жылға қарай Каспий теңізінің деңгейі Балтық биіктік жүйесі бойынша минус 32,4 — минус 34 метрге түсуі ықтимал», – деп мәлімдеді «Қазгидромет».

Тарихи динамика: теңіз қалай тартылып келеді?

  • 1940–1977 жж. — деңгейі 1,2 м төмендеді (жылына 4 см)
  • 1978–1995 жж. — 2,5 м көтерілді (жылына 13 см)
  • 1996–2023 жж. — 1,83 м төмендеді (жылына 8 см)
  • 2006–2024 жж. — 2 метрге жуық тартылу тіркелді.

2024 жылы Қазақстан секторында су деңгейі:

  • солтүстік-шығыста −22 см,
  • шығыста −29 см төмендеген.

Экожүйе мен инфрақұрылымға қауіп бар

Мамандардың айтуынша, жедел бейімделу шаралары қабылданбаса, жағалаудағы инфрақұрылымға нұқсан келеді; теңіз флорасы мен фаунасы жойылу қаупіне тап болады; балық шаруашылығы құлдырайды; порттар жұмысы қиындайды.

Серіктес жаңалықтары