27.10.2025, 10:34
Жаңалықтар
Астанада екі қабатты ғимараттан өрт шықты
Өрт сөндіру жұмыстары жоғары рангпен жүргізілді
Фото: ТЖМ
Астана қаласының Байқоңыр ауданында орналасқан екі қабатты шаруашылық корпусында өрт шықты. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды сөндіру жұмыстарын жоғары рангпен жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Өрттің таралуы тоқтатылды
Министрлік мәліметінше, өрт туралы хабарлама таңертең түскен. Оқиға орнында төрт жауынгерлік бөлімше жұмылдырылып, оперативтік штаб құрылған. Су үздіксіз беріліп жатыр.
«Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жойылды. Өрттің таралуы тоқтатылды», — деп хабарлады ТЖМ.
Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Көп оқылған
03.11.2026, 09:00
Ақ халатты жандарға жұдырық ала жүгірген: Қазақстанда дәрігерді ұрғандар қанша жылға сотталды
03.11.2026, 17:36
Ақтөбеде неке қию залына келген әйел адамды бұрын бірге тұрған серігі өлтіріп кетті
03.11.2026, 14:33
«Мен сіздерді ақша жинауға мәжбүрледім бе?»: Алматы облысында жолға жауаптылар тағы да «футбол» ойнап жүр (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды