$ 538.13  624.88  6.64
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АҚШ дипломаттары Қазақстанға ресми сапармен келеді

Сапар C5+1 платформасының 10 жылдығына орай жоспарланған

АҚШ дипломаттары Қазақстанға ресми сапармен келеді
Фото: © istockphoto.com

26–30 қазан аралығында АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілдері Қазақстан мен Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Не талқыланады?

Сапар барысында Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкіл Серджио Гор, АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау екі ел үкіметінің өкілдерімен кездеседі.

Келіссөздерде экономикалық әріптестік, аймақтық қауіпсіздік, сауда байланыстарын кеңейту сияқты мәселелер қаралады.

«АҚШ Орталық Азия елдерімен серіктестікті нығайтып, сауда және ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастырады», — делінген дипломатиялық хабарламада.

C5+1 платформасының 10 жылдығы

Бұл сапар АҚШ пен Орталық Азияның бес мемлекеті қатысатын C5+1 дипломатиялық форматтың 10 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Платформа өңірлік қауіпсіздік, экономика және байланыс салаларындағы бірлескен жобаларды дамытуды көздейді.

Серіктес жаңалықтары