25.10.2025, 16:39
Жаңалықтар
Синоптиктер 26 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды
Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр жауып, тұман түседі
Фото: © istockphoto.com
26 қазан күні Қазақстанның бірқатар аймағында жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» мәліметіне сілтеме жасап.
Қай өңірлерде жауын-шашын болады?
Солтүстік, шығыс, оңтүстіктің таулы аймақтарында, орталық өңірлерде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Орталықта көктайғақ, оңтүстікте найзағай ойнайды. Оңтүстік және шығыста жел күшейеді. Ал батыс пен солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз өтпек.
Өрт қаупі жоғары аймақтар
Синоптиктердің хабарлауынша, бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады:
- Маңғыстау облысы
- Ұлытау облысы
- Атырау облысы (солтүстік-шығыс, оңтүстік-шығыс)
- Ақтөбе облысы (оңтүстік, шығыс)
- Жамбыл облысы (орталық, солтүстік)
- Қызылорда облысы (солтүстік, орталық)
- Алматы, Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Абай облыстарының кей аймақтары.
Сонымен қатар Қызылорда, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Ұлытау облыстарында – ерекше жоғары өрт қаупі сақталады.
Синоптиктер кеңесі
Мамандар табиғи өрттердің алдын алу үшін:
- қоқыс пен құрғақ шөпті өртемеуге
- ашық алаңда от жақпауға
- қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты