25.10.2025, 15:43
Жаңалықтар
Қостанайда апат болып, бір аудан жарықсыз қалды
Мамандар қалпына келтіру жұмыстарын бастады
Фото: © istockphoto.com
Қостанай қаласында апат салдарынан бірқатар көпқабатты тұрғын үй электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Апат қай жерде болды?
Қала әкімдігінің мәліметінше, «Юбилейный» шағынауданында электр қуаты таңғы 08:40-таапатты жағдайда өшірілген.
Электр жарығы келесі нысандарда жоқ:
- №35, 38, 40, 41 көпқабатты тұрғын үйлер
- Бірнеше мемлекеттік мекеме
- Коммерциялық нысандар.
Қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр
Төтенше жағдайлар қызметі апат орнына жедел барып, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын бастады.
Мамандар «Электр қуатын мүмкіндігінше тезірек қосамыз» деп мәлімдеді.
Қала тұрғындарынан сабыр сақтап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністік таныту сұралды.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты