25.10.2025, 10:33
Жаңалықтар
Тоқаев Шұғыла Өмірбекті әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
Әлем чемпионаты Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатыр
Фото: instagram / kazakhstan__wrestling
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шұғыла Өмірбекті әйелдер арасындағы күрестен U23 әлем чемпионатының жеңімпазы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл – тарихи жеңіс. Өйткені еліміз мұндай халықаралық жарыста алғаш рет алтын медаль иеленіп отыр. Әр салада өзінің табандылығымен, еңбекқорлығымен табысқа жететін жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Шұғыланың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдіремін!», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Шұғыла Өмірбектің Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын жүлдесін алған еді.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
01.11.2026, 10:02
Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
01.11.2026, 16:06
Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізу үшін жеті шарт қойды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды