$ 538.13  624.88  6.64
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.10.2025, 09:00
Спорт

Шұғыла Өмірбек әлем чемпионатында тарихи алтынды жеңіп алды

Қазақстандық балуан Шұғыла Өмірбек жастар арасында әлем чемпионы атанды

Шұғыла Өмірбек әлем чемпионатында тарихи алтынды жеңіп алды
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Күрес түрлерінен Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында әйелдер арасындағы бәсекеден тұңғыш алтын медаль бұйырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.

55 келіде сынға түскен Шұғыла Өмірбек финалдық белдесуде бірнеше жас санатында Еуропа чемпионы, Түркия спортшысы Туба Демирді 12:8 есебімен ұтты.

«Жарыс барысында аруымыз 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаэл Симонды (Молдова) 10:2, кадеттер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Александра Войчилескуді (Румыния) 3:1, жартылай финалда 20 жасқа дейінгі Еуропа чемпионы Амори Андрихті (Германия) 2:0 есебімен ұтты», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетері, 2017 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан U23 әлем чемпионатында осы сәтке дейін бірде-бір аруымыз финалға дейін жетпеген.

Ал 23 жасқа дейінгі жаһандық доданың тарихына көз жүгіртсек, 2023 жылы Сұлтан Әсетұлы (67 келі, грек-рим күресі) және 2024 жылы Ризабек Айтмұхан (97 келі, еркін күрес) топ жарған.

Шұғыла Өмірбектің бұған дейінгі ең ірі жетістігі 2024 жылы Иорданияда өткен U23 Азия чемпионатындағы күміс жүлдесі саналған еді.

Серіктес жаңалықтары