$ 538.13  624.88  6.64
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Рыбакина Токио турнирінің жартылай финалынан бас тартты

Спортшы мұның себебін түсіндірді

Рыбакина Токио турнирінің жартылай финалынан бас тартты
Фото: ҰОК

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Токио қаласында өтіп жатқан WTA-500 санатындағы турнирдің жартылай финалына шығуға тиіс еді. Алайда спортшы арқа жарақатына байланысты матчқа қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Арқа жарақаты кедергі болды

WTA ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, Елена соңғы күндері өзін жайсыз сезінген.

«Өте өкінішті. Осы аптада арқам қатты мазалаған соң, 100% ойнай алмаймын. Жанкүйерлердің алдында өнер көрсете алмағаныма қынжыламын. Бірақ келесі жылы Токиоға қайта оралғым келеді», – деді Рыбакина.

Ол жартылай финалда әлемдік рейтингте 17-орындағы чех спортшысы Линда Носковамен кездесуі тиіс болатын.

Бұл — маусымдағы алғашқы үзіліс емес

Рыбакина маусым бойы бірнеше жарақатпен ойнап жүр. Жапония турнирі – Азия турындағы маңызды кезеңдердің бірі Дәрігерлердің ұсынысымен демалыс алуға мәжбүр болды

Соңғы жетістігі

Бұған дейін қазақстандық спортшы Қытайда өткен турнирде карьерасындағы 10-шы WTA титулын жеңіп алған болатын. Оған WTA 1000 сериясының екі кубогы және Уимблдондағы «Үлкен дулыға» жатады.

Серіктес жаңалықтары