25.10.2025, 11:41
Жаңалықтар
Қазавтожол үш облыс жүргізушілеріне ескерту жасады
Бұл өңірлерде жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
25–27 қазан күндері Алматы, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарының автожолдарында ауа райының қолайсыздығы күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» компаниясының хабарламасына сілтеме жасап.
Синоптиктер болжамына сәйкес, аталған өңірлерде:
- жаңбыр соңы қарға ұласып,
- жолдарда тайғақ пен көктайғақ болуы мүмкін.
Жүргізушілерге кеңес
Метеорологтар мен жол қызметтері жүргізушілерге:
- жылдамдықты төмендетуді,
- қашықтықты сақтауды,
- көлік дөңгелектерін маусымға сай жабдықтауды,
- ауа райы болжамын үнемі қадағалап отыруды ұсынады.
«Қауіпті метеожағдай жолда басқаруды қиындатады. Сондықтан сақтық шараларын сақтаған жөн» — делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
01.11.2026, 10:02
Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды