Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 150 адамға жетті
Коронавирустан тағы 3 науқас көз жұмды
Қазақстанда коронавирустан тағы 3 науқас көз жұмды. Солтүстік Қазақстан облысында 1955 жылы дүниеге келген әйел адам және 1969 жылы туған ер азамат, Шығыс Қазақстан облысында 1959 жылы туған ер азамат қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Қазақстан бойынша барлығы 150 адам қайтыс болды.
Нұр-Сұлтан қаласы – 45
Алматы қаласы – 26
Шымкент қаласы – 13
Ақмола облысы – 13
Ақтөбе облысы – 1
Атырау облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 2
Жамбыл облысы – 1
Батыс Қазақстан облысы – 6
Қарағанды облысы – 10
Қостанай облысы – 3
Қызылорда облысы – 2
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 13
Солтүстік Қазақстан облысы – 2
Түркістан облысы – 8