Түркістан облысында қылмыскер түрмеден қашып кетті
Ол ауруханада емделіп жатқан сәтінде кетіп қалған
Түркістан облысында 23 қазанда медициналық мекемеде емделіп жатқан сотталушы қашып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Полицияның барлық жеке құрамы іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды. Бақылау бекеттері қойылып, қажетті шұғыл шаралар жүзеге асырылып жатыр. Оқиға бойынша қызметтік тергеу басталды, оның қорытындысымен барлық кінәлі тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қабылданатын болады.Аталған жайт Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында», -деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.
Сотталушы 1979 жылы дүниеге келген. Бойы 165-170 см.
Полиция жасырынған сотталушының орналасқан жерін анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.