$ 538.13  624.88  6.64
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысында 17 жыл халықаралық іздеуде болған күдікті ұсталды

Оған 2008 жылдың 15 мамырында есірткі қылмысымен айналысқаны үшін халықаралық іздеу жарияланған

Жетісу облысында 17 жыл халықаралық іздеуде болған күдікті ұсталды
Фото: istockphoto.com

Жетісу облысында 17 жыл халықаралық іздеуде болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ІІМ ведомстволық сайтына сілтеме жасап

«Талдықорғанда полицейлер республикалық «Құқықтық тәртіп» акциясы аясында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құқық қорғау органдарынан ұзақ жыл бойы жасырынған 54 жастағы Қазақстан Республикасының азаматын ұстады», - деп жазылған хабарламада.

Деректерге сәйкес, ер адам 2008 жылдың 15 мамырынан бастап есірткі қылмысымен айналысқаны үшін халықаралық іздеуде болған. Мұндай әрекет үшін 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ұсталған азаматқа полицейлер тиісті шара қолданып жатыр. Аталған іс бойынша барлық жағдайлар тергеу барысында мұқият тексеріледі.

Полиция қызметкерлері заң мен тәртіп әр азаматтың ұстануға тиіс қағидасы екенін, әр азамат жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылатынын ескертті.

Серіктес жаңалықтары