$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.06.2020, 16:54
Жаңалықтар

Алматыда алты күнде ҰБТ талаптарын бұзған 101 талапкер сынақтан шеттетілген

Алматыдан ҰБТ тапсыруға 14 мың мектеп бітіруші өтініш берген

Алматыда алты күнде ҰБТ талаптарын бұзған 101 талапкер сынақтан шеттетілген

Алматы қаласы Білім басқармасы Ұлттық бірыңғай тест тапсыру бойынша өткен 6 күннің қорытындысын жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Өткен жексенбіде басталған сынаққа Алматыдан 14 мың мектеп бітіруші өтініш берген. Қалалық Білім басқармасының дерегінше, бүгінге дейін 3063 түлек ҰБТ-ға қатысып, өз бақтарын сынап көрген. 

«Өткен алты күннің қорытындысы бойынша 1 562 бала сынақтан сүрінбей өтсе, 100 балдық шекті 245 бала еңсерген. Бұл – тест тапсырушылардың  14 пайызы. Ал барлық тест сұрақтарының 130-дан астамына жауап берген балалардың саны 7-еу ғана. Алматыда осы күнге дейін 140 балды ешқандай мектеп бітіруші жинаған жоқ», - деді Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов.

Қалалық Білім басқармасының ақпаратына қарағанда, 21 маусым мен 26 маусым аралығында ҰБТ талаптарын бұзған түлектер бар. Сынақ талаптарын бұзып, ғимаратқа рұқсат етілмеген электроника құралдарын алып кірген және кіргізуге талпынған 101 мектеп бітіруші бір жылға емтиханнан шеттетілген. Басқарма өкілінің айтуынша, сынаққа кірер кезде қызуы көтеріліп, ҰБТ тапсыруды кейінге қалдырғандар болған жоқ.

Айта кетейік, Алматыда биылғы білім сынағы 6 жоғарғы оқу орны қабырғасында өтіп жатыр. Олар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қыздар педагогикалық университеті, Абай атындағы ҚҰПУ, Халықаралық бизнес университеті, Қазақ аграрлық университеті мен Нархоз универисеті.   

Ришат Асқарбекұлы, Алматы    

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #ҰБТ