Шымкентте жасыл желек күтіміне 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген тендер тоқтатылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет араласқаннан кейін сатып алу тоқтатылды
Карантин кезінде біз көзден сатып алу тетігін қолданғандар қызмет пен тауар бағасын бірнеше есе арттырып көрсеткен. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққатқарсы іс қимыл агенттігі хабарлады.
«Тапсырыс берушілердің орташа бағадан 460%-ға жоғары бағамен сатып алу фактілері бар. Мысалы, Рудный қаласының әкімдігі 4,9 млн теңгеге спорттық киім сатып алған, бағаны шамадан тыс көтеру 3,8 млн теңгені құрады. Онда тек бір футболканың құны бренд бұйымы секілді 28 мың теңгеден болған.
Бұдан әрі Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы COVID-19 пандемиясы кезеңінде бөлшек сауда бағасы 3700 теңге тұратын балалар тағамын 5200 теңгеден сатып алған», - делінген хабарламада.
Мониторинг барысында Шымкент қаласындағы жасыл желектерді күтіп ұстау бойынша Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының сатып алулары ерекше назар аудартқан.
«Егер, өткен жылдары аталған шығындар қаланың барлық аумағына, ал бұл 110 нысанға шамамен 900 млн теңгені құраса, биылғы жылы мегаполистің бір көшесі мен үш нысанының (әуежай, ТЖ вокзалы мен Орталық стадион аумағы) өсімдіктерін ұстауға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген», - деп хабарлайды егенттік.
Жалпы, тек осы жылдың ішінде Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің күшімен 4,2 млрд теңгеден астам сомаға бюджеттің тиімсіз шығынының алдын алынды.