Сенбі күні елордалық ХҚКО-лар жұмыс істемейді
27 маусым қалада карантиндік шектеулер енгізілді
Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар санының өсуіне байланысты вирустың одан ары таралуына жол бермеу мақсатында қаланың санитарлық дәрігері Ж. Пралиеваның қаулысымен елордалық ХҚКО-лар 27 маусым күні өз жұмысын уақытша тоқтатады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» хабарлайды.
«Аталған күнге жасалған бронь жарамсыз болып табылады. Кезекті басқа күнге қайта брондау керек екенін ескертеміз. Қызмет алушылар ХҚКО-ға келуін eGov.kz порталындағы арнайы сервис, eGovKzBot2.0 телеграм-боты және 1414 нөмірі арқылы брондай алады», - делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласындағы ХҚКО-лар қызмет алушыларды 23 маусымнан бастап сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін қабылдап жатқанын еске саламыз.